ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ

ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН БАСҚАРМАСЫНЫҢ РЕСМИ САЙТЫ

Көші-қон және оралман мәселесі туралы

 

 

Шетел жұмыс күшін тарту бойынша:

Шымкент қаласына 2019 жылға жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға 2 145 (1 санат-30 адам, 2 санат-131 адам, 3 санат - 1837 адам, 4 санат-147 адам) бірлік квота бөлінді.

Бөлінген квота негізінде 38 кәсіпорындар мен ұйымдарда 454 (1 санат-

10 адам, 2 санат-25 адам, 3 санат-365 адам, 4 санат-54 адам) шетел азаматтарына рұқсат беріліп, 19 248 ҚР азаматтары жұмыс жасауда. Қазақстандық қамту пайызы 97,7 пайыз. Тартылып жатқан  шетел жұмыс күшінің білікті мамандарының үлесі 88,1 пайыз.

Сонымен бірге, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы №459 қаулысы «ҚР шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерінің көлемдеріне» сәйкес шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені үшін және ұзартқаны үшін жыл басынан бері 226,1 млн теңге алым жергілікті бюджетке түсті.

 

Этникалық қазақтардың көшіп келуі бойынша:

2019 жылы Шымкент қаласына 545 отбасы 868 адам оралман мәртебесін алды. Оралман мәртебесін 3 айға ұзартқандар саны 123 отбасы

218 адам.

Елбасының 2019 жылғы 16 наурыздағы қауіпсіздік кеңесіндегі этникалық қазақтардың проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі тапсырмасымен бір реттік акциясы ретінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу мақсатында 2019 жылдың  31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Осының негізінде бір реттік жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу үшін 249 отбасы 370 адамға оралман мәртебесі ұзартылды.

Қоныс аударған оралмандар ТМД және шетелдерден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан келгендердің үлесінде. Атап айтқанда, Өзбекстаннан - 790 адам,  Ауғанстаннан - 56 адам, Қытайдан - 10 адам, Ресейден 6 адам, Монғолиядан-2 адам, Қырғызстаннан-1 адам, Тәжікстаннан-3 адам.

Сонымен қатар 2019 жылғы 20 мамырдағы № 420 Шымкент қаласының әкімінің қаулысына сәйкес Шымкент қаласы әкімдігінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласы еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басқаруына өтті.

Орталық қызметінің мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету болып табылады,

 Осыған орай, бүгінгі таңға орталықта 33 отбасы 73 адам қоныстанып, бейімдеуден өтті.

 

 

 

 

Шымкент қаласына 2018 жылға жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға 3632 (1 санат-23 адам, 2 санат-110 адам, 3 санат- 3133 адам, 4 санат-366 адам) бірлік квота бөлінді.

Бөлінген  квота негізінде 40 кәсіпорындар мен ұйымдарда 1052 шетел азаматтарына рұқсат беріліп, оның ішінде Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы құрылғаннан бері 299 шетел азаматына рұқсат беріліп,  12613 Қазақстан Республикасы азаматтары жұмыс жасады. Қазақстандық қамту пайызы 91,7. Тартылып жатқан  шетел жұмыс күшінің білікті мамандарының үлесі 97,6 пайыз.

Сонымен бірге, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы №459 қаулысы «ҚР шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерінің көлемдеріне» сәйкес шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені үшін және ұзартқаны үшін жыл басынан бері 501,1 млн теңге алым жергілікті бюджетке түсті. Ал басқарма құрылғаннан бері 184,0 млн теңге алым жергілікті бюджетке түсті.

2018 жылы жыл басынан Шымкент қаласына 1100 адам оралман мәртебесін алды. Оның ішінде Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасымен 234 оралман мәртебесі берілді.

Қоныс аударған оралмандар ТМД және шетелдерден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан келгендердің үлесінде. Атап айтқанда: Өзбекстаннан 1048 адам, Түркменістаннан 10 адам, Ауғанстаннан 43 адам, Қытайдан 16 адам, Қырғызстаннан 3 адам, Түркиядан 3 адам, Ресейден 4 адам, Монғолиядан- 2 адам.

 

 

Copyright © 2019 ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КӨШІ-ҚОН ЖӘНЕ ЕНБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ РЕСМИ САЙТЫ